200-ден астам қазақстандық Венгрияның жоғары оқу орындарында тегін білім алады

0
432

Сонымен қатар 70-тен астам адамнан тұратын резервтік тізім жасалды.


200-ден астам қазақстандық Венгрияның  жоғары оқу орындарында тегін білім алады

200-ден астам қазақстандық Венгрияның жетекші жоғары оқу орындарында тегін білім алады. Бұл ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Венгрияның Адами ресурстар министрлігінің келісімдері арқасында жүзеге асып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР БҒМ баспасөз қызметі сілтеме жасап.

«Біздің отандастарымыз «Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасы бойынша оқитын болады. Бұл тізімді венгр тарапы үміткерлердің мамандық таңдауына деген ынтасына, олардың теориялық білімі мен оқудағы немесе таңдаған саласындағы жетістіктеріне сүйене отырып бекітті. Сондай-ақ әңгімелесу кезінде кандидаттардың жеке қасиеттері ескерілді», – деп атап өтті ҚР БҒМ Халықаралық бағдарламалар орталығы президентінің м.а. Данияр Мұқитанов.

Стипендиаттар Венгрияда бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша қабылдаушы тараптың есебінен оқитын болады. Сонымен қатар 70-тен астам адамнан тұратын резервтік тізім жасалды. Барлық үміткерлердің тізімі Халықаралық бағдарламалар орталығының ресми сайтында жарияланған.

Айта кетейік, үкіметаралық келісімдер аясында 330 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында, оның ішінде Венгрия, Польша, Қытай, Украина, Словакия, Әзірбайжан және Вьетнам университеттерінде тегін оқи алады.