2019 жылы айлық есептік көрсеткіш 2 525 теңге деп бекітілді.
ERNUR.KZ. “2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заңмен Қазақстанда жалақы мен зейнетақының ең төменгі мөлшері белгіленді, деп жазады baribar.kz.
Заң бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақының ең төменгі мөлшері 42 500 теңге болады, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшері 16 037 теңге, ал ең төменгі зейнетақы мөлшері 36 108 теңге болады.
Жәрдемақы мен басқа да әлеуметтік төлемдерді, сонымен бірге айыппұл санкцияларын, салық пен басқа да төлемдерді есептеу үшін айлық есептік көрсеткіш 2 525 теңге көлемінде бекітілді.
Базалық әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеу үшін күнкөріс деңгейі 29 698 теңге болып белгіленді.