2025 жылға қарай елімізге тартылатын инвестиция көлемі 34 миллиард долларға жетеді

0
899

Асқар Маминнің төрағалығымен өткен отырыста энергетика, туризм, денсаулық сақтау, білім беру сынды салаларға инвестициялар тарту жайлы сөз қозғалды.


2025 жылға қарай елімізге тартылатын инвестиция көлемі 34 миллиард долларға жетеді

ERNUR.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Инвестициялар тарту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, - деп жазады Тengrinews.kz.

Отырыста негізгі капиталға инвестициялар ағымын ҚР ЖІӨ-іне шаққанда 30 пайызға дейін арттыру бойынша институционалдық және заңнамалық шаралар талқыланды. Ұлттық экономика министрлігінің инвестициялар тарту, экономика өсімін қолдау үшін 2025 жылға дейін негізгі капиталға шетелдік инвестициялар мен салымдардың қажетті көлеміне талдау бойынша жүйелі тәсілдері қарастырылды.

Жыл сайынғы жалпы тікелей шетелдік инвестициялар ағымын 2018 жылғы 24 миллиард доллардан 2025 жылға қарай 34 миллиардқа дейін арттыру бойынша міндет қойылды.

МЖӘ көлік және логистика, энергетика, туризм, ТКШ инфрақұрылымын жаңғырту, денсаулық сақтау, білім беру т.б. салаларға инвестициялар тартудың тиімді құралына айналуы тиіс.

Экономиканы әртараптандырудың маңызды драйвері жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың вертикальді кірігуін қамтамасыз ететін жобаларға инвестициялардың шоғырлануы болады.

Салалар бойынша инвестициялар тарту көрсеткіштеріне қол жеткізу де еліміздің экспорттық базасының технологиялық күрделілілігн арттыруды қамтамасыз етеді.

Орталық және жергілікті атқарушы органдар үшін ЖІӨ-ге инвестициялардың мақсатты ара қатынасына қол жеткізу үшін инвестицияларды тарту бойынша тиімділіктің негізгі көрсеткіштері әзірленеді.

Отырыстың күн тәртібінде сонымен қатар көтерме сауда-тарату орталықтары желісін дамыту мәселесі қаралды. Қазақстанда логистикалық қуаттылықты арттыру мақсатында 2020-2023 жылдары Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Семей, Көкшетау, Атырау және Ақтау қалаларында 8 өңірлік тарату орталығынан тұратын желіні құру жоспарланған. Бұл тетік фермерлерден өнімдерді ерте сатып алып, қажетті қор жасап, одан кейін өнімдерді маусымаралық кезеңде - желтоқсан айынан сәуір айына дейін сауда желілерінде арзандатылған бағамен сатуға бағытталған.

Жобаны іске асыру нәтижесінде бағалардың тұрақтылығы қамтамасыз етіліп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына маусымдық алыпсатарлық үстеме баға болдырылмайды. Жобаны іске асыруда салынған бір теңгеден жиынтық әлеуметтік-экономикалық тиімділік 30 теңгеден асады.

Үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасына инвестицияларды одан әрі тарту жөніндегі Жол картасы қабылданды.

"Экономиканың дамуы инвестицияларды тартумен тікелей байланысты. Жаңа тауашалар іздеп, инвестициялар тарту тетіктерін құрып, барлық қолдау шараларын көрсету керек. Басты міндет - экономикаға инвестициялар көлемін 2 есе арттыру", - деді Асқар Мамин.

ҚР Үкіметінің басшысы орталық мемлекеттік органдарға, өңірлер әкімдеріне, холдингтерге ұлттық және шетелдік инвесторлармен, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарымен ел экономикасына инвестициялар тарту және жаңа ауқымды жолбаларды табу бойынша жұмыстарды жандандыруды тапсырды.