250-ден астам қазақстандық студент Ресейден автобуспен оралады

0
868

Студенттердің барлығынан коронавирусқа тест алынатын болады.


250-ден астам қазақстандық студент Ресейден автобуспен оралады

ERNUR.KZ. Қазақстандық студенттер Ресейден автобуспен оралады. 250-ден астам жастар – Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі ЖОО студенттері, деп жазады baq.kz.

21 сәуір күні таңертең Мәскеудегі ҚР Елшілігі ғимаратының алдынан бес автобус жолға шыққан. Коронавирус пандемиясына байланысты халықаралық рейстерге шектеу енгізілмей тұрып Ресейден шығып үлгермеген 250-ден астам қазақстандық студент елге оралады.

Автобусқа отырғызылмас бұрын барлығының дене қызуы өлшенген. Жол полициясы мен Ресейдегі Қазақстан Елшілігі қызметкерлерінің қатысуымен барлық санитарлық талаптар сақтала отырып, автобустар қазақ-ресей шекарасына қарай бет алды. Одан өткеннен кейін Орск және Әлімбет өткізу бекеттерінде жастарды Ақтөбе облысы әкімдігінің өкілдері күтіп алады. Барлығынан коронавирусқа тест алынатын болады, – делінген мәліметте.