"250 мың теңге жалақы алса, ол 10%-дық салық төлемеуі керек": Тоқаев үкіметке берген тапсырмасын түсіндірді

0
840

​Мемлекет басшысы жеке табыс салығының проценттік мөлшерлемесінің жоғарғы шекті деңгейі 15 пайыздан аспауы керек екенін айтты.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары барысында жеке табыс салығының үдемелі өлшемін енгізу туралы тапсырмасының мәнін түсіндірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында парақшасында жазды.



Президенттің пікірінше, бұл жаңалықтың мақсаты әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету. Мұндай жүйе бірқатар мемлекетте қолданылады.

"Қасым-Жомарт Тоқаев айына 250-300 мың теңге жалақы алатын азаматтар табыс салығын 7 проценттік мөлшерлеме бойынша төлеуге тиіс деп санайды. Яғни, қазіргі 10 ппроценттік мөлшерлемеден төмен болады. Ал, айына 300 мың теңгеден 1,5-2 миллион теңгеге дейін табыс табатындар үшін қазіргі 10 проценттік мөлшерлеме сақталады", - деп жазды Уәли.

Президент жылына 25 миллион теңгеден көп табыс табатын азаматтар үшін пайыздық мөлшерлеме көлемі артуы тиіс деген пікірде. Мөлшерлеме көлемін үкіметтің комиссиясы анықтайды.

Бұл ретте мемлекет басшысы жеке табыс салығының проценттік мөлшерлемесінің жоғарғы шекті деңгейі 15 пайыздан аспауы керек деп есептейді.