300 000 отбасы «Nur Otan» мен Тұңғыш Президент қорынан атаулы көмек алды

0
820

Елді мекендеріндегі тағы 80 мыңнан астам мұқтаж отбасы 50 мың теңгеден алды.


300 000 отбасы «Nur Otan» мен Тұңғыш Президент қорынан атаулы көмек алды

ERNUR.KZ. «Nur Otan» партиясы Төра­ға­сы­ның Бірінші орынбасары Бауыр­жан Байбек қазақстан­дық­тарды Елорда күнімен құт­тық­тап, BizBirgemiz ак­ция­­сы­ның төртінші кезеңі туралы айт­­ты, деп жазады aikyn.kz.


– Құрметті достар, баршаңызды астанамыз – Нұр-Сұлтан қаласының туған күнімен құттықтаймын! Елбасының тапсырмасы бойынша BizBirgemiz акциясының төртінші кезеңі атқарылды. Еліміздің ауылдық елді мекендеріндегі тағы 80 мыңнан астам мұқтаж отбасы 50 мың теңгеден алды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Birgemiz қорының біржолғы қаржылық қолдауымен 550 мыңнан астам отбасы қамтылды. Отбасы мүшелерін қоса есептегенде, бұл – 2 миллиондай қазақстандық. Сонымен бірге тұрмысы төмен 100 мың мұқтаж отбасыға 5 миллионнан астам тегін бетперде үлестірілді, – деді Бауыржан Байбек.


Оның айтуынша, «Nur Otan» партиясы мен Тұңғыш Президент қоры желісі бойынша 300 мыңдай отбасы азық-түлік себетін алған. Бұл іске «Jas Otan» Жастар қанатының 5 мыңнан астам волонтері атсалысқанын да тілге тиек етті.

«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары сондай-ақ нұротандықтар Түркістан облысының су басқан ауылдарының тұрғындарына 1 000 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелткенін, шілде айында Достық ауылының тасқыннан зардап шеккен тұрғындарына арналған үйлер салынып біткенін атап өтіп, қазіргі кездегі сыннан да ел тұрғындарының жақын күндері сүрінбей өтеріне сенім білдірді.
– Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан халқына арналған үндеуінде атап көрсеткендей, Біз өткеріп жатқан күрделі кезең – бүкіл адамзаттың басына түскен сын-сынақ. Сырқатпен күрестің ең алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлер адамдарды аман алып қалу үшін барлық күшін жұмсауда. Еліміздің Президенті мен Үкіметі қалыптасқан жағдайды түзету үшін қажетті барлық шараны қабылдауда. Алайда көп нәрсе өзімізге байланысты. Халқымыз басқа түскен қиындықты өзінің қайрат-жігері, ұйымшылдығы, болашаққа деген ұмтылысы арқылы бүкіл халықаралық қоғамдастықпен бірге лайықты түрде еңсеріп, аман-есен шығарына сенімдімін. Біз тағы да жеңімпаз боламыз. Еліміздің жақсы күндері алда. Біз біргеміз! – деді ол.