"4 мамырдан бастап сұлулық салондары жұмыс істейді": Алматы әкімдігі хабарламаға қатысты пікір білдірді

0
1 092

Жарияланған хабарламада 4 мамырдан бастап Нұр-Сұлтанда, Алматыда және Қазақстанның тоғыз облысында бірнеше кәсіпорынның, соның ішінде сұлулық салондарының ашылатыны көрсетілген.


ERNUR.KZ.Алматы әкімдігінің өкілдері WhatsApp-та 4 мамырдан бастап кейбір кәсіпорындардың жұмыс істейтіні туралы хабарламаға қатысты пікір білдірді, деп жазады Tengrinews.kz.

Желіде бірнеше кәсіпкерлік субъектілерінің мамырдан бастап жұмысқа кірісетіні көрсетілген жазба пайда болды.

Жарияланған хабарламада 4 мамырдан бастап Нұр-Сұлтанда, Алматыда және Қазақстанның тоғыз облысында бірнеше кәсіпорынның, соның ішінде сұлулық салондарының ашылатыны көрсетілген.

Сондай-ақ, әр облыста 6-11 мамыр аралығында қандай нысандар жұмысын бастайтыны айтылады.

Алайда Алматы әкімдігінің өкілдері бұл мәліметті жоққа шығарды.

"Бұл хабарлама шындыққа жанаспайды. Бұл фейк", - деді Алматы әкімдігінің өкілдері.