40 мың теңгемен бизнес бастаған келіншек отбасын асырап отыр

0
2 607

Қазір келіншек тек сауда жасамай, шәкірт тәрбиелеуді де қолға алған.


40 мың теңгемен бизнес бастаған келіншек отбасын асырап отыр

фото: кадрдан скрин

Бизнесін 40 мың теңгемен бастаған келіншек отбасын өзі асырап отыр. Ал өзге нәзік жан үйін жылыжайға айналдырып, табыс көзіне айналдырған. Жалғызбасты ана осылайша нәпақасын тауып, қос баласын қатарынан қалдырмай бағуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ "Еуразия бірінші" арнасына сілтеме жасап.

Лаура Каденова - фудфлорист. Бұл бизнесін небәрі 40 мың теңгеден бастапты. Мақсаты - бизнесін дөңгелетіп, елорданың қақ ортасынан баспана алу. Арманына жету үшін күн-түні еңбектеніп, тапсырыстарын жеткізумен айналысады. Ал кептіріліген жеміс-жидектерді таңғы алтыда ашылатын базардан сатып алады. Айтуынша, мерзімі өтпеген өнімдерді тек таңертең таңдай аласың.

"Өзім 40 мың теңгеден бастадым. Корзина алдым, ең керек заттарын алып бастап кеттім. Оларға ұнаған соң инстаграмға жүктедім. Қазір соны жәймендеп дөңгелетіп отырмыз", - деді фудфлорист Лаура Каденова.

Кейіпкеріміз елордаға отбасымен Ақтау қаласынан көшіп келген. Үш баланың анасы. Пандемия салдарынан жұмыссыз қалған. Бірақ үйде қол қусырып отырмай, кішігірім кәсіпті ашуға бел буыпты.

"Бизнес бастауға не себеп болғаны, пәтерге ақша жинап жатырмын. Ипотека, несие арқылы болсын. Үй алғымыз келеді. Күйеуім екеуміз қазір осы саладымыз", - деді фудфлорист Лаура Каденова.

Фудфлорист тек тапсырыс бойынша ғана сауда жасамай, шәкірт тәрбиелеуді де қолға алған. Тапқан табысын болашақ үйінің жарнасына құйып отыр. Арманы да жоқ емес. Болашақта арт-студия ашуды жоспарлауда.

"Былтыр карантинде жұмыссыз қалып қойдым. Интернетке қарап, букеттер түсе берді көзіме. Сурет салғанды жақсы көремін, біреуін жасап көрейін дедім. Бәріне ұнады", - деді фудфлорист Лаура Каденова.

Екінші кейіпкер - Әйгерім Үрметаеваның жасы 34-те. Жалғызбасты ана екі баласын өзі тәрбиелеп отыр. Тұрақты жұмысы жоқ. Тағдыр тауқыметіне мойымаған келіншек, қазір үйінің ішін жылыжайға аналдырыпты. Мақсаты - көкөністерді өсіріп, кәсіппен айналысу .

"Мына жерге жылыжай жасайын десем, материалдарым болғанымен, біреудің жері, үйде отырғызып, көктемде шығарып, былтыр стакандап еккен едім, биыл жәшікке отырғыздым. Екі балам үшін өмір сүріп жатырмын", - деді қала тұрғыны Әйгерім Үрметаева.

Кейіпкеріміз аядай бөлмені қайырымдылық қорынан сұрап алыпты. Бизнес бастап, қаржы тапқысы келетінін жеткізген. Алғашқыда қор келіншектің жағдайымен жіті танысып, кейін қала шетінен саяжайды уақытша паналауға рұқсат берген.

"Әйгерімнің жағдайын таң қалдырағаны, аядай ғана жерге жылыжай қойыпты, соған дән салдым, ол өсіп жатыр, оған "пещевой пленкам" жоқ деп жылады. Ол ертең маған күнкөріске қажет. Көктемде сатамын, балаларымды тамақтандырамын, базарға сатып күн көремін деп хабарлады жағдайын", - деді қайырымдылық қорының жетекшісі Назгүл Мақажанова.

"Былтыр қызанақ отырғыздым, сопақ, қияр отырғыздым, асқабақ керек енді. Жейтін жердің астына салынатын не бар, бәрін қазып алдым, дұрыс болмады. Қасығы 100 тг. Қазір 22 теңге бір қияр", - деді Әйгерім Үрметаева.

Жалғызбасты ана алдағы уақытта үйдің ауласын бау-бақшаға айналдырып, көкөністерді базарда сатуды жоспарлауда. Бірақ әзірге үйі тар. Десе де жуырда қорға хабарласқан жомарт жан Әйгерімге кәсіппен айналысуға арнайы жер бөлетінін айтыпты.