500-ден аса медицина қызметкері 2 миллион теңгеден алды - ДСМ

0
492

Медицина қызметкерінің отбасына COVID-19-дан немесе вирустық пневмониядан қайтыс болған жағдайда 10 миллион теңге төленеді.


500-ден аса медицина қызметкері 2 миллион теңгеден алды - ДСМ

ERNUR.KZ. Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова COVID-19 науқастарымен жұмыс кезінде коронавирус жұқтырған 500 медицина қызметкері 2 миллион теңгеден алғанын мәлімдеді, - деп жазады Tengrinews.kz.

"Кешегі мәлімет бойынша, 500 медицина қызметкеріне төлем жасалған. Ал қаншауына төлем беруге бас тартылғанын, өкінішке қарай, қазір айта алмаймын. Бірақ 500-ден астам қызметкер екі миллион теңгеден алды", - деп жауап берді Есмағамбетова.

Оның айтуынша, барлық әкімге төлемдер бойынша жұмысты жандандыру және өңірлік комиссияларға ұсынылатын құжаттарды кідіріссіз қарау тапсырылған.

Медицина қызметкерлері коронавирус инфекциясын немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда 2 миллион теңге мөлшерінде төлем беріледі. Медицина қызметкерінің отбасына COVID-19-дан немесе вирустық пневмониядан қайтыс болған жағдайда 10 миллион теңге төленеді.