66 жастағы қостанайлық тоғызыншы қабаттан секіріп кетті

0
703

Марқұм туыстарына қоштасу хатын қалдырып кеткен.


66 жастағы қостанайлық тоғызыншы қабаттан секіріп кетті

ERNUR.KZ. Қостанай облысында 66 жастағы әйел тоғызыншы қабаттан секіріп кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь растады. Оқиға 17 қараша күні облыс орталығында болды.

«Қостанай қаласының 66 жастағы тұрғыны 9-қабаттағы терезеден секіріп кетті. Қаза болған әйелдің ұзақ уақыт ауырғаны анықталды. Ол туыстарына қоштасу хатын қалдырып кеткен», -дейді И.Беженарь.

Қазір осы факт бойынша сараптама тағайындалып, тергеу жұмысы басталды.