700 үлескердің 7 млрд теңгесін жымқырған «Төленді» ТҚК басшылары сотталды

0
985

Прокурордың мемлекеттік айыптауын тиісінше қолдау нәтижесінде сотталушылардың кінәсі дәлелденді.


700 үлескердің 7 млрд теңгесін жымқырған «Төленді» ТҚК басшылары сотталды

ERNUR.KZ. "Аниса 1,2,3", "Көктал-2", "Абат" және "Абайдың 150 жылдығы" ТК құрылысы салымшыларының қаржысын талан-таражға салғандар 5-9 жыл аралығында бостандықтарынан айырылды, деп жазады Елорда Инфо.

Қала прокуратурасымен "Төленді" ТҚК құрылыс салушыларына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. А.Байжұманов, Н.Анарқұлов және басқа да 7 адам 2012-2016 жылдары 700 үлескердің 7 млрд теңгеден астам ақшалай салымдарын "Аниса 1,2,3", "Көктал-2", "Абат" және "Абайдың 150 жылдығы" ТК құрылысы кезінде ұрлағаны үшін айыпталды.

«Пайызшылардың ақшалай қаражаты сотталғандарға жеке қажеттіліктеріне жұмсалған. Байжұманов ТҚК төрағасы бола отырып, өз туысқандары мен таныстарының пәтерлерін және тұрақ орындарын ақысыз заңсыз ресімдеген, ол туралы сотта жәбірленушілердің өздері де мәлімдеген. Сот талқылауы бір жыл бойы жалғасты. Сотта 500-ден астам жәбірленушіден жауап алынды», - делінген Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы.

Прокурордың мемлекеттік айыптауын тиісінше қолдау нәтижесінде сотталушылардың кінәсі дәлелденді. Сот 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Қылмыстық жолмен алынған барлық мүлікке жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеу мақсатында тиым салынды.

Үкім заңды күшіне енді.