93 жастағы зейнеткер 80 жастағы адамды өлтірді деген күдікке ілінді

0
1 626

Қарт зейнеткер жас зейнеткерді өлтірді деп айыпталуда


 93 жастағы зейнеткер 80 жастағы адамды өлтірді деген күдікке ілінді

фото:Tengrinews.kz

ERNUR.KZ. Қостанай облысының 93 жастағы тұрғыны зейнеткерді өлтірді деген күдікке ілінді, - деп жазады Tengrinews.kz

Басылымның мәліметінше, бұл оқиға Қостанайдағы Затобол ауылында болған. Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері бұл мәліметті растады.

21 тамызда шамамен сағат 17.30-да Затобол ауылында денесінде зорлық белгілері бар 80 жастағы ер адамның денесі табылды. "Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 93 жастағы күдікті анықталды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілдері.