Әділ Тұрсынов Тұңғыш Президент кеңесшісі болып тағайындалды

0
1 317

Әділ Тұрсынов 1973 жылы Алматыда дүниеге келген.


Әділ Тұрсынов Тұңғыш Президент кеңесшісі болып тағайындалды

Әділ Тұрсынов Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Әділ Қапанұлы Тұрсынов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кеңесшісі - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Кеңсесінің Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын", - делінген хабарламада.

Әділ Тұрсынов 1973 жылы Алматыда дүниеге келген. 1994 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, 2001 жылы - СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген. 1994 жылдан 2008 жылға дейін Сыртқы істер министрлігінің құрылымында Үндістан мен Әзірбайжандағы елшіліктің хатшысы, СІМ Дипломатиялық академиясының тыңдаушысы, сондай-ақ Сингапурдағы кеңесші-уәкіл лауазымдарында жұмыс істеді.

2008 жылы Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалды. 2009-2016 жылдар аралығында СІМ Еуропа департаментінің директоры, Грузиядағы кеңесші-елші, кейіннен СІМ ТМД департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 2016 жылдың мамыр айында Мемлекет басшысының Өкімімен Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі болып тағайындалды.