​Агроөнеркәсіп өнімдерінің экспорты 3 млрд доллардан асты- АШМ

0
1 243

Вице-министр дерегінше, өңірлер шегінде Алматы облысы 532 млн, Қостанай облысы 499 млн, Нұр-Сұлтан қаласы 438 млн, Түркістан облысы мен шымкент қаласы 373 млн доллардың агроөнеркәсіп өнімдерін экспортқа шығарған.


​Агроөнеркәсіп өнімдерінің экспорты 3 млрд доллардан асты- АШМ

ERNUR.KZ. 2018 жылы агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің экспорты 3 млрд доллардан асты. Бұл жайында бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Толықтай алғанда, агроөнеркәсіп өнімдерінің экспорты 3,023 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасында 2018 жылы алға қойылған мақсатты индикатордан 23 пайызға жоғары. 2017 жылмен салыстырғанда экспорт 26 пайызға артты. Мемлекеттік бағдарламаның АӨК өнімдерін экспорттау бойынша жоспарлы көрсеткіші Атырау, ШҚО, БҚО, Ақтөбе облыстарының және Нұр-Сұлтан қаласының экспорттық жоспарларын артық орындауы есебінен жүзеге асырылды. Қайта өңделген өнім экспортының үлесі 37 пайызды құрады. Бұл ретте қайта өңделген өнім экспортының өсім қарқыны 1,04 пайыз болды», - деді ол.

Вице-министр дерегінше, өңірлер шегінде Алматы облысы 532 млн, Қостанай облысы 499 млн, Нұр-Сұлтан қаласы 438 млн, Түркістан облысы мен шымкент қаласы 373 млн доллардың агроөнеркәсіп өнімдерін экспортқа шығарған.

«Өткен жылдың қорытындысында өнім экспортының барынша жоғары өсімі мына өңірлерде тіркелді: Шығыс Қазақстан облысы 110 млн, Қостанй облысы 47 млн, Солтүтсік Қазақстан облысы 39 млн, Нұр-Сұлтан қаласы 139 млн доллар», - деді Г.Исаева.