Әйелдің басын кесіп алған: Алматыда атышулы қылмысқа қатысты сот отырысы өтті

0
1 462

12 сәуірде Шолохов көшесіндегі базар бутиктерінің бірінде белгісіз ер адам ішінде әйелдің басы бар пакетті қалдырып кеткен.


Әйелдің басын кесіп алған: Алматыда атышулы қылмысқа қатысты сот отырысы өтті

ERNUR.KZ. Алматыда аса қатыгездікпен кісі өлтірді деген күдікпен ұсталған 61 жастағы Асхат Иманқұловқа қатысты сот отырысы басталды. Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, сотталушы жанжал кезінде бейтаныс әйелдің басын кесіп алған, деп жазады zakon.kz.

3 тамызда Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында осы жылдың сәуір айының соңында қараусыз қалған ғимараттың жанынан табылған басы жоқ әйелді өлтіру ісі бойынша алдын ала сот отырысы өтуі керек болатын. Кесілген басты жақын жерде орналасқан дүкеннің сатушысы тауып алды.

Сот отырысы судья Мартпек Кәкімжановтың төрағалығымен өтті. 61 жастағы Асхат Иманқұловқа ҚР ҚК 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша айып тағылады. Іс ашық режимде қаралады.

Бірінші күні адвокаттың келмеуіне байланысты сот отырысы кейінге қалдырылды.


"Сотталушы адвокат жалдай алмағандықтан, оған мемлекет тарапынан заңгер тағайындалды. Іс сотқа түскен кезде біздің тарапымыздан қаулы уақтылы жіберілді, бірақ белгісіз себептерге байланысты ол орындалмады. Бүгінгі отырысты сот адвокатсыз өткізуге құқығы жоқ", - деп түсіндірді судья Кәкімжанов.

Келесі сот отырысы 4 тамызға сағат 17.00-ге тағайындалды.

Айта кетсек, 12 сәуірде Шолохов көшесіндегі базар бутиктерінің бірінде белгісіз ер адам ішінде әйелдің басы бар пакетті қалдырып кеткен. Қалалық ПД мәліметтері бойынша, кесілген бас тиесілі әйелдің денесі сол көшеде орналасқан қараусыз ғимараттан табылды.

12 күннен кейін Алматыда әйелді өлтірді деген күдікті ұсталды, ол 1962 жылы туған ер адам болып шықты. Полицейлер ұсталған адамның жәбірленушімен небәрі бірнеше күн таныс болып әрі жанжал кезінде ауыр қылмыс жасағанын анықтады.