​Әйелі тастап кеткен: Жалғызбасты әке 4 баласын өзі бағып отыр

0
1 686

Жұбайы 3 жыл бұрын отбасын тастап, өзге еркекпен көңіл жарастырған.


​Әйелі тастап кеткен: Жалғызбасты әке 4 баласын өзі бағып отыр

Жалғызбасты әке Айтан Мұқашев қазір 4 баласын өзі бағып-қағып отыр. Жұбайы 3 жыл бұрын отбасын тастап, өзге еркекпен көңіл жарастырған. Елордада тұрып жатқан отбасы көмектің қайбір түріне зәру, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Сүйіп қосылған жарымен Айтан аға 8 жыл бірге тұрып, 4 перзент көрді. Жұмыссыздық, одан қалды ауылдың қымқуыт тірлігі жұбайын тура жолдан тайдырғанға ұқсайды. Ат ізін салмай кеткеніне міне, 3 жыл.

«Көкшетауда жұмыста жүрген кезде ауылдың учасковыйы звондады. Осылай келіншегің кетіп қалыпты балаларды тастап деп». Содан бері ана орнына ана, әке орнына әке. Кейде тіпті азамат басымен көз жасыма ерік беретін кездер де болады. Біздің мамамыз қайда. Неге келмей жатыр. Балалардың мамасы бар. Балалар да сұрайды екен, мамаларың қайда деп. Сөйтіп айтады. Сол кезде жылағың келеді. Бірақ кешкісін 4 перзентің 4 жақтан қаумалаған кезде шаршағаның басылып, қиындықтың көбі ұмтылады. Қазір үйреніп келе жатырмыз. Балаларым да өсіп қалды. Қызым қазір 10 жаста. Одан кейін ұлым 8-де, 6-да, 4 жаста ұлым. Қазір бұлар да өздеріне, бір-біріне қарайды, -дейді жалғызбасты әке АЙТАН МҰҚАШЕВ.

«Қорқақтайды үйленуге. Балаларын ұрып-соғып кетеме деп, адамдар әртүрлі гой. Қандай адам кездеседі. Үйлен деп жатырмын. Балаларыңа қарайтын адам керек», - дейді Айтан Мұқашевтың анасы.

Алақандай ғана 27 шаршы метр баспанада қазір 7 бірдей жан тұрып жатыр. Аядай жерде аяқ алып жүрудің өзі қиын. Одан қалды балалардың оқуы бар. Әкенің смартфоны онлайн сабақтан босамайды көбіне.
«Балалардың тазалығына да қарау керек. Қолым бос уақытта осылай үй жинап, киімдерін жинап, сөмкелерін, оқу құралрадын дұрыстап дайындап қоям», - дейді Айтан Мұқашев.
Бірақ Айтан ағаны жалғызбасты деуге келмес сірә. 4 баласы 4 құбыласы секілді.

«Енді балаларымды өсіп жеткізіп, оқуларын оқытып, қалаған мамандықтарымен жұмыс істесін деп. Соған енді шамам келгенше өзім қастарында жүрем», - дейді жалғызбасты әке.