Әйелі үйіне кіргізбей қойған павлодарлық жедел жәрдем шақырды

0
1 141

Түнгі сағат екіде жедел жәрдем қызметіне баланың аяғы сынғаны туралы хабарлама түседі.


Әйелі үйіне кіргізбей қойған павлодарлық жедел жәрдем шақырды

ERNUR.KZ. Жедел жәрдем станциясына бір түнде қала тұрғындарынан екі рет жалған ақпарат түскен, деп жазады sn.kz.

Түнгі сағат екіде жедел жәрдем қызметіне баланың аяғы сынғаны туралы хабарлама түседі. Медицина қызметкерлері дереу оқиға орнына жеткен. Алайда, бір қызығы баланың емес, иттің аяғы сынған болып шығады. Осы үшін жедел жәрдем шақыртқан иттің иесіне дәрігерлер ветеринар маманын шақыруға кеңес беріпті.

Дәл сол уақытта тағы бір тұрғын баласының дене қызуы түспей жатқанын айтып, жедел жәрдемге хабарлаған. Сөйтсе, мас күйінде үйіне түнде келген ер адамды әйелі кіргзбей қойыпты. Содан ол үйіне кіру үшін әдейі жедел жәрдем шақырған.