Әйелінен қорыққан еркек ел күтпеген әрекет жасады

0
869

"Тоналдым" деп жалған айтқан азамат Алматы облысының тұрғыны.


Әйелінен қорыққан еркек ел күтпеген әрекет жасады

ERNUR.KZ. Қолындағы бар ақшасын ойын автоматтарына салып, көк тиынсыз қалған азамат әйелінің ұрысынан қорқып, "тоналдым" деп өтірікті судай сапырған, деп жазады Skifnews.kz.

"Тоналдым" деп жалған айтқан әлгі азамат Алматы облысының тұрғыны. Ол 3 ақпанда Талғар ауданының полициясына келіп тоналғаны туралы айтқан. Дегенмен, кейін 33 жастағы Гүлдала ауылының тұрғыны тәртіп сақшыларына барып, өтірік мәлімет бергенін мойындап, отбасылық қаражатты ойын автоматтарына салып жібергенін айтыпты. Қателігін мойындаған ол, мұндай қадамға әйелінің ұрысынан қорыққандықтан, отбасылық жанжал туындап кетпесін деген оймен барыпты.

"Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабы ("Көрінеу жалған сөз жеткізу") бойынша іс қозғалды. Осы бап бойынша күдіктіге қатысты 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту әдісімен жазаланады", - деді полиция департаменті баспасөз қызметі.