Айранға есірткі салып тасымақ болған адам ұсталды

0
1 098

Семейлік шекарашылар «Ауыл-теміржол» өткізу бөлімшесінде «Алматы-Новосібір» бағытындағы № 302 пойыздың жолаушысын ұстады.


Айранға есірткі салып тасымақ болған адам ұсталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Шекарашылар есірткі тасыған екі адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Семейлік шекарашылар «Ауыл-теміржол» өткізу бөлімшесінде «Алматы-Новосібір» бағытындағы № 302 пойыздың жолаушысын ұстады.

«Вагондардың бірін тексеру кезінде шекарашылардың «Гретта» атты қызметтік иті үстелдердің бірінің үстінде, тығыны жабық тұрған айранның құтысын меңзеді. Айранның иесі, 58 жастағы қазақстандық, мұқият жабылған пластик бөтелкеден иісі сыртқа шыға қоймас деген сеніммен, салмағы 20 грамдай болатын марихуана есірткісін соған салып, үстелге қойған», - делінген хабарламада.

Қулығы іске аспай қалған азамат Семей желілік ішкі істер бөліміне тапсырылды. Қордай шекара отрядының «Қордай-авто» бөлімшесінде өткен түнде Шекарашыларға төлқұжатын тексертіп болып, біздің елге кіріп келе жатқан 38 жастағы қырғызстандық ұсталды.

«Есік алдындағы шекарашылардың көздерін ала беріп, ол қалтасынан алып шыққан түйіншегін еденге елеусіз тастай салған болатын. Бірақ бұл жәйт шекарашылардың көзінен тыс қалмады. Иісшіл ит түйіншектің иесін бірден тауып берді. Оның ішінде 3 грамдай гашиш есірткісі бар болған», делінген хабарламада.

Ұсталған азамат Қордай аудандық ішкі істер бөліміне тапсырылды.