Таразда коронавирустан жазылып шыққандар жаппай қан тапсыруда

0
748

Қатерлі дерттен емделгендердің қаны сол кеселмен қатты ауырып жатқандарға пайдалы.


Таразда коронавирустан жазылып шыққандар жаппай қан тапсыруда

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Таразда COVD-19-дан жазылып шыққандар жаппай қан тапсырып жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, қатерлі дерттен емделгендердің қаны сол кеселмен қатты ауырып жатқандарға пайдалы, деп жазады ktk.kz.

Індеттен сауыққандардың қан құрамынан бөлінетін «иммунды плазма» деген сұйықтық бар. Ғылыми атауы – «антидене». Оны коронавирусқа шалдығып, хәл үстінде жатқандардың иммунитетін көтеру үшін тамырдан құяды. Дәрігерлер бұл сырқаттың аяққа демде тұруына «таптырмас ем» дейді. Әлемдік тәжірибеде осылай емдеу әдісі бар. Қазақстанға енді келіп жатыр. Ақ халаттылардың айтуынша, донор бірнеше мәрте мұқият тексеруден өтеді. Тек содан кейін ғана қаны алынады. Ал сұйқытықтың жарамдылық мерзімі – үш жыл. Әзірге аймақта плазмалық донор болуға 8 адамнан өтініш түскен. Бірақ олар бет-жүзін ашық көрсеткісі келмеді.

"Өзің ауырып шыққаннан кейін, симптомдарды түсінгеннен кейін, қазір қиын жағдайда жатқан науқастарға көмек ретінде, өзімнің короновирсқа күреске өз үлесімді қосуға ай сайын келіп қан тапсыруға дайынмын" - дейді донор.