31 жастағы жігіт Нұрсұлтан Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталып, өзінің жұмысы туралы әлеуметтік желіде белсенді түрде бөлісіп жүрген.
ERNUR.KZ. Атырауда алдымен әйелін, кейін өзі асылып қалған ер адам әкімнің кеңесшісі болып жұмыс істеген, деп жазады Stan.kz.
25 шілдеде кешкі 19:00 шамасында Атыраудағы Авангард ықшамауданында төрт баланың әкесі әйелін буындырып өлтіріп, кейін өзі асылып қалды.
Ер адамның осындай қадамға не үшін барғаны белгісіз. Бірақ екеуі ажырасуға сотқа арыз беріп, қазір бөлек тұрып жатқан.
31 жастағы жігіт Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеген. Әріптестері оны алғыр, жауапкершілігі мол маман дейді. Тіпті Нұрсұлтан Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталып, өзінің жұмысы туралы әлеуметтік желіде белсенді түрде бөлісіп жүрген.
“Кеше кешкісін аулаға шығып кеттім. Жарты сағаттан соң пәтерге кіріп жатқанда, көрші әйелдің есікті аша алмай жатқанын көрдім. Ол терезені де, есікті де қақты. Бірақ ешкім ашпады. Кейін полиция келді. Үйде екі адамның мүрдесі табылғанын естідік”, - дейді көршісі.
Көршісінің сөзінше, ерлі-зайыптылар бір ай бұрын көшіп келген. Пәтерде әйел анасы мен және балаларымен тұрған.
Жігіт әйелін буындырып өлтіріп, өзі жуынатын бөлмедегі судың құбырына асылып қалған.
Полиция қылмысты тергеуді жалғастырып жатыр.