Ақмола облысында ағайынды екі жігіт суға кетіп қайтыс болды

0
565

Құтқарушылар тұрғындарға жабдықталмаған жерде шомылмау керектігін ескертеді.


Ақмола облысында ағайынды екі жігіт суға кетіп қайтыс болды

ERNUR.KZ. Ақмола облысында ағайынды екі жігіт суға кетіп қайтыс болды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Кеше, 27 маусымда Сандықтау ауданының өрт сөндіру бөлімінің пультіне Петровка ауылы маңындағы Жабай өзенінің жағасынан екі адамның, шамамен ағайындылардың заттары табылғаны туралы хабар келіп түсті. Ер адамдарды іздеу үшін Көкшетаудан шұғыл түрде сүңгуірлер жіберілді.

Қайтыс болғандардың әкесі 1990 және 1992 жылы туған ұлдары үйде түнемегендігін, таңертең оларды ауылдан іздей бастағанын, шамамен 8 сағат бойы ангарға жақын орналасқан ауыл аймағындағы Жабай өзеніне барып, балаларының су жағасында жатқан киімдері мен аяқ киімдерін көргенін айтқан.

Қайғылы оқиға орнына сүңгуірлер бригадасы және "ӨС және АҚЖҚ" ММ ЖҚБ кинологиялық есебі 5 адам 2 бірлік техника, қызметтік ит келді. Нәтижесінде сағат 12:30-да Жабай өзені арнасындағы сүңгуірлер 1990 жылы және 1992 жылы туған жігіттердің мәйіттерін тапты.

Демалыс қайғылы жағдаймен аяқталмауы үшін құтқарушылар келесі ережелерді сақтауды сұрайды:

- Тыйым салынған және жабдықталмаған жерлерде шомылуға;

- Суда алкогольдік және есірткілік масаң күйде шомылуға;

- Қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ, осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секіруге;

- Жүзудің шекарасын белгілейтін буйкадан жүзуге;

- Жүзуге арналмаған заттармен жүзуге болмайды;

- Техникалық және ескерту белгілеріне, буйкаларға көтерілмеңіз;

- Балаларға ересектердің қарауынсыз суға кіруге болмайды.