Ақмола облысында әкімдіктен үй алғысы келген әйел баласын полицияға тастап кетті

0
510

Ақкөл ауданының полиция бөліміне 49 жастағы жергілікті тұрғын өтініш білдірген.


Ақмола облысында әкімдіктен үй алғысы келген әйел баласын полицияға тастап кетті

ERNUR.KZ. Ақмола облысы Ақкөл ауданында анасы 16 жастағы баласын полицияға тастап, қашып кетті, деп жазады sputnik.kz.

Ақкөл ауданының полиция бөліміне 49 жастағы жергілікті тұрғын өтініш білдірген. Әйелдің айтуынша, білім бөлімінің қызметкерлері 2007 жылы туған ұлын балаларды қолдау орталығына орналастырудан бас тартқан.
"Әйел отбасылық қиын жағдайға тап болғандықтан 16 жастағы ұлын күндізгі уақытта тиісті ұйымдарға орналастыру үшін Ақкөл ауданының білім бөлімінің қамқоршылық органдарына әкелгені анықталды. Полицияға арыз берген кезде әйел ұлын Ақкөл ауданының ПБ-ның ғимаратында тастап, белгісіз жаққа қашып кеткен", - дейді ведомство.
Әйел бір сағат ішінде баласын қайтаруды сұрап полиция бөліміне қайта оралған.
"Әйел әкімдіктен үй сұраған. Айтуынша, жұмыстан шығарып жіберген, басында баспаналары жоқ. Баласын тастап кету арқылы ол сес көрсеткісі келген. Жасөспірім анасына қайтарылды. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар ювеналды полиция инспекторларымен бірлесіп қажетті профилактикалық іс-шаралар жүргізіп жатыр. Отбасының тұрғын үй жағдайлары тексеріліп жатыр", - дейді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұл мәселені аудан прокуратурасы да бақылауға алған.