Ақмола облысында екінші қабаттан құлаған тұрғын қайтыс болды

0
382

Істің мән-жайы анықталып жатыр.


Ақмола облысында екінші қабаттан құлаған тұрғын қайтыс болды

ERNUR.KZ. Ақмола облысында мас күйде екінші қабаттан құлаған тұрғын қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz.

4 маусым күні сағат 18:55-те Көкшетау қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне көпсалалы облыстық аурухананың дәрігерінен ҰБЖ, мидың субдуральды гематомасы диагнозымен Красный Яр ауылының 40 жастағы тұрғыны реанимация бөлімшесінде қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 3 маусым күні сағат 18:00-де қаза тапқан адам мас күйінде Ақбидай көшесіндегі көпқабатты үйдің екінші қабатынан құлаған.

Істің мән-жайы анықталып жатыр.