Ақмола облысында із-түзсіз кеткен сазгер жігіт аман табылды

0
1 799

Ер адамның жоғалғаны туралы ақпарат БАҚ және әлеуметтік желілерде таратылған.


Ақмола облысында із-түзсіз кеткен сазгер жігіт аман табылды

ERNUR.KZ. Ақмола облысында екі күн бұрын жоғалған 26 жастағы сазгер аман табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, ер адамның жоғалғаны туралы ақпарат БАҚ және әлеуметтік желілерде таратылған.

Оны іздеуге Жарқайың аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы мен жергілікті волонтерлер жұмылдырылды.

Ер адамды бүгін таңертең жол бойында кетіп бара жатқан жүргізуші көріп, өзінің таныстарына айтқан.

«Алдын ала ақпарат бойынша, жоғалған ер адам екі түнді көшеде өткізген. Оған қатысты заңсыз әрекеттер болған жоқ. Қазіргі уақытта ол үйіне жеткізілді», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, Ақмола облысында жоғалған 26 жастағы сазгер екі күннен бері табылмай жатқанын жариялаған болатынбыз.