Ақмола облысында қару-жарақ сақталған қойма табылды

0
607

40 жастағы ауыл тұрғыны қару-жарақ қоймасын тұрғылықты жерінде ұстаған.


Ақмола облысында қару-жарақ сақталған қойма табылды

ERNUR.KZ. Ақмола облысында қару сақталған қойма табылды, деп жазады tengrinews.kz.

ІІМ ресми Telegram-арнасы мәліметінше, ҰҚК басқармасының қызметкерлері Жарқайың ауданының Пригородное ауылындағы арнайы операция нәтижесінде жергілікті тұрғыннан үш қару табылды. 40 жастағы ауыл тұрғыны қару-жарақ қоймасын тұрғылықты жерінде ұстаған.

Тінту іс–шаралары барысында жедел уәкілдер 12 калибрлі ИЖ-43-Е тегіс ұңғылы мылтықты, 5,6 мм калибрлі ТОЗ 16 маркалы шағын калибрлі карабинді және ИЖ 671 Корнет пневматикалық тапаншасын тәркілеген. ҚР ҚК-ның 287-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. Тәркіленген қару сараптамаға жіберілген.