Ақмола облысында короновируске қарсы тегін препараттар үлестіріліп жатыр

0
1 133

Дәрі-дәрмек кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде берілетін болады.


Ақмола облысында короновируске қарсы тегін препараттар үлестіріліп жатыр

ERNUR.KZ. Ақмола облысында коронавирус инфекциясының таралауын болдырмау және алдын алу шаралары жүргізілуде, деп жазады ҚазАқпарат.

Қызуды басатын және антикоагулянт препараттарды короновирус инфекциясы байқалған науқастарға тұрғылықты жері бойынша тіркелген емханаларда учаскелік дәрігерлер полимераздық тізбек реакциясының нәтижесіне қарамастан үлестіретін болады.

Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусинаның айтуынша, облыста 52,4 миллион теңгенің дәрілік препарттары жеткізілген.

«Бүгінгі таңда облыстың емдеу мекемелеріне тапсырыс берілген риварокс (ксарелтоның баламасы), новиган нео (ибупрофен), эликвис (апиксабан), прадакса (дабигатран) препараттар жеткізілді. Дәрілер емханалардағы дәріханаларда дәрігердің рұқсатымен беріледі», - деп түсіндірді облыстың бас санитарлық дәрігері.

Егер дәрігер рұқсат берген препараттар болмаса, онда науқастар «СК-Фармация» байланыс орталығы немесе 1439 (тегін қоңырау) нөміріне тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі сұрақтары бойынша хабарласуға болады.

Айталық, дәрі-дәрмек кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде берілетін болады.