Ақмола облысында кран басындағы қауға құлап, бір адам мерт болды

0
793

Екі жұмысшы 16-18 метр биіктіктен құлаған.


Ақмола облысында кран басындағы қауға құлап, бір адам мерт болды

ERNUR.KZ. Ақмола облысында кранның биік басындағы қауға құлап, бір адам мерт болды, деп хабарлайды ktk.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 22 қаңтарда Степногорск қаласында болған. Кранның биік басындағы қауға ішінде екі жұмысшы отырған өздігінен қозғалатын мұнараға құлады.

Салдарынан олар 16-18 метр биіктіктен құлады, 32 жастағы монтажшы қайтыс болды, ал 45 жастағы дәнекерлеуші ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Оның қабырғалары, жамбасы сынған, сол аяғының тобығы шыққан, ішек-қарнына да зақым келген. Ол жансақтау бөліміне жатыр.