Қазіргі кезде тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
ERNUR.KZ. Ақмола облысында шахта аумағынан 23 жастағы жігіттің денесі табылды, деп жазады Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Бестөбе ауылындағы шахтада қаза тапқан. Қазіргі кезде тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
«17 тамызда Степногорск қаласының полиция бөліміне Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының 23 жастағы тұрғыны Бестөбе ауылында, Западная шахтасының аумағында қайтыс болды деген хабар келіп түсті. Алдын ала анықталғандай, ер адам шахтаға заңсыз кірмек болған кезде ауыр дене жарақатын алған», - делінген ПД хабарламасында.
Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 269-1-бабының 3-бөлігі (күзетілетін объектіге заңсыз кіру) бойынша сотқа дейінгі іс қозғады. Қылмыстық істі тергеу аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды.