Ақмола облысында жол апатынан полиция бөлімінің тергеушісі қайтыс болды

0
373

Тағы 4 жолаушы ауруханаға түсті.


Ақмола облысында жол апатынан полиция бөлімінің тергеушісі қайтыс болды

ERNUR.KZ. Ақмола облысы Ақкөл қаласында жол апаты болды. Салдарынан полиция бөлімінің тергеушісі қаза тапты, деп жазады sputnik.kz.

Оқиға 17 қазан күні сағат 02.00 шамасында болған.
"Toyota Carina" маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, "Seat Alhambra" маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Апат салдарынан жүргізуші оқиға орнында қайтыс болып, тағы 4 жолаушы ауруханаға түсті",- деп хабарлайды полиция мамандары.
"Seat Alhambra" маркалы автокөліктің жүргізушісі зардап шеккен жоқ.
Осы факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ ведомство жол апаты қызметтен тыс уақытта, полиция қызметкерінің жеке автокөлігімен орын алғанын айтады.