Ақмола облысында жүк пойызы мен жеңіл көлік соқтығысты

0
933

59 вагоны бар локомотивпен соқтығысқан.


Ақмола облысында жүк пойызы мен жеңіл көлік соқтығысты

ERNUR.KZ. Ақмола облысының Шортанды ауданы аумағында жүк пойызы мен жеңіл көлік соқтығысты, деп жазады ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, жол апаты қарашаның 22-сінде 21:16-да Шортанды стансасында болды.

««Ауди-80» автокөлігі «Нұр-Сұлтан – Көкшетау» бағытындағы №3473 жүк пойызының (құрамында 59 вагон бар) локомотивімен соқтығысты. Жол апатынан жеңіл көліктің жолаушысы Ф.Н.Дәуренбекова дене жарақатымен ауруханаға түсті. Ал 1984 жылғы жүргізушісі П.Б.Дәуренбеков дәрігер қараған соң үйіне жіберілді. Жол апатынан өзге пойыздардың қозғалысына кедергі келген жоқ», - деп түсіндірді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына Ақмола облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Динара Есенбаева.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.