Ақмола облысындағы мектептегі жарылыс: ғимарат орталық жүйеге қосылды

0
384

Аймақ басшысы аудандық билікке қосымша тапсырмалар берді.


Ақмола облысындағы мектептегі жарылыс: ғимарат орталық жүйеге қосылды

ERNUR.KZ. 24 қарашада өңір әкімі Ермек Маржықпаев "Аршалы Су" МКК ПЛ-14 қазандығына және Аршалы кентіндегі Жұмабек Тәшенов атындағы орта мектепке барды. Онда 18 қараша күні жылыту қазандығы жарылды, деп жазады inbusiness.kz.

Бүгін мектеп Орталық жүйеге қосылып, сабақтар штаттық режимде жалғасты.

"Сіздермен келісім бойынша мектепті орталық магистральға қосу туралы шешім қабылданды. Ұзындығы 400 метр болатын ПЛ-14 қазандығынан мектепке дейін диаметрі 110 болатын құбырдан жылу трассасы салынды. Барлық күштер жұмылдырылып, арнайы бригадалары тартылды. Материал уақытылы жеткізіліп, екі тәулік ішінде тас жол салынды", - деді Маржықпаевқа Аршалы ауданының әкімі Мұрат Балпан.

Қуаттылықты арттыру үшін 19 қарашада қосымша ТЗВК-1 қазандығы жеткізіліп, орнатылды.

"Қазір бұл қазандық 6 нысанды жылумен қамтамасыз етеді. Барлық жерде тұрақты жылу режимі сақталады", - деп сендірді билік.

ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев ауданда алдағы уақытта ауа-райының күрт өзгеретініне байланысты жоғарыда жазылған жұмыстарды жалғастыру қажеттігін айтты.

"Оқыс оқиға болмайтынына сенімді болу үшін осы бағытта жұмыстарды жалғастыру керек. Үшінші қазандықты орнатуды жоспарлай беру керек", - деді облыс әкімі.

Маржықпаев жарылыстан зардап шеккендердің бірімен көрісу үшін аудандық ауруханаға барды. Сонымен қатар, облыс әкімі ТЖ кезінде қаза тапқан мектеп қызметкерінің отбасына көңіл айтуға барды.