Ақмола облысындағы шахтада ер адамның мәйіті табылды

0
694

Бестөбе алтын өндіру шахтасы бір жылдан бері жұмысын тоқтатқан.


Ақмола облысындағы шахтада ер адамның мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Ақмола облысының Бестөбе алтын өндіру шахтасында ер адамның мәйіті табылды, деп жазады Sputnik.kz.

Болжам бойынша ер адам заңсыз алтын іздеуші болуы мүмкін.
Мәйіт жарылғыш заттарды тасымалдауға арналған вагонының жанынан табылған.
Мәйіттің кім екені анықталды. Ол Бестөбе елді мекенінің тұрғыны болып шықты. Ол шахтада жұмыс істемеген.
Бестөбе алтын өндіру шахтасы бір жылдан бері жұмысын тоқтатқан. Компания хабарлауынша, шахтаның төменгі бөлігін жерасты сулары басқан.