АҚШ-пен достық қарым-қатынаста болғанды қалаймын – Қасым-Жомарт Тоқаев

0
426

​ Қазақстан Президенті ретінде АҚШ-пен ашық, достық қарым-қатынаста болғанды қалаймын.


АҚШ-пен достық қарым-қатынаста болғанды қалаймын – Қасым-Жомарт Тоқаев

ERNUR.KZ. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дохада өтіп жатқан Қатар экономикалық форумының «In Conversation with President Tokayev» арнайы панельдік сессиясы барысында айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Жиын барысында модератор Қазақстан басшысына АҚШ Президентінің ОПЕК аясында мұнай өндіру көлемін арттыру мәселесіне күш салып жатқаны туралы сұрақ қойды.

Модератор Манус Крэнни (Bloomberg): Байден әкімшілігі Сауд Арабиясы билігінен мұнай көлемін арттыруды талап етіп отыр. АҚШ Президенті Джо Байденнің саясаты ОПЕК-ке тиімді ме ? Сіз ОПЕК-тің энергоресурстарды өндіру көлемін арттыруды қолдайтыны туралы естідіңіз бе ? Байденнің бұл мәселеге көзқарасы оңды ма ?

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мен сіздің сұрағыңызға жауап беруге қиналып тұрмын. Мен Қазақстан Президентімін және Америка Құрама Штаттарымен ашық әрі достық қарым-қатынаста болғанды қалаймын»