Ақсуда өзіне қол жұмсаған полицейдің туыстары күтпеген мәлімдеме жасады

0
435

Көз жұмған полиция майорының туыстары Президентке үндеу жолдады.


Ақсуда өзіне қол жұмсаған полицейдің туыстары күтпеген мәлімдеме жасады

Өзіне қол салған полиция қызметкері Аспандияр Айтқазиннің туыстары оның телефонынан қайғылы жағдайдың себебін анықтайтын видеоүндеу тапқанын айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Көз жұмған полиция майорының туыстары Президентке үндеу жолдады. Олар Мемлекет басшысынан өз өзіне қол жұмсауға итермелеу фактісі бойынша тергеуді жеке бақылауына алуды сұрады.

Осыдан үш күн бұрын полицей Аспандияр Айтқазинов Павлодар облысының Ақсу қаласындағы полиция бөлімінің гаражында суицид жасаған еді. Марқұмның әріптестері қайғылы оқиғаның жай-жапсарын тергеуді бастаған. Бірақ, көз жұмған жанның туыстары Аспандиярды суцицидке жұмыстастары итермелеген деп отыр. Өйткені, полиция қызметіне 20 жылдан астам ғұмырын арнаған азаматқа жыл басынан бері облыстық және қалалық деңгейдегі полиция басшылығы қоқан-лоқы мен қысым көрсеткен көрінеді. Бұл туралы марқұм өз телефонына видео да қалдырыпты.

"Қайғылы оқиға болғаннан кейін біз оның телефонын аштық. Онда біз видеоны таптық. Оның ішінде Аспандияр барлығынан кешірім сұрап, егер маған бірдеңе болса, бұған полиция подполковнигі Капаров Балғабайды кінәлаңдар дегенді келтірген", - дейді марқұмның туысы Әсемгүл Айтқазина.

Артында үш баласы жетім қалған полицейдің бұл видеосы қазір тергеушілердің қолында екен. Туыстары дәлел болатын бейнежазбаны мамандар әдейі жойып жібереме деп қорқады. Сондықтан бұл істің ақ-қарасын толықтай анықтау үшін Мемлекет басшысына үндеу жасады.

"Құрметті, Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сізге тек Президент ретінде емес, сондай-ақ әр азаматтың конституциялық құқығының кепілі ретінде де үндеу жасаудамын. Сізден менің күйеуімнің өліміне қатысты барлық жайтты анықтауға көмектесуіңізді сұраймын", - дейді марқұмның әйелі Мейрамгүл Айтқазина.