Ақтау әкімі қаладағы тұрғын үй маңдайшасының құлауына байланысты жағдайды түсіндірді

0
364

Қазіргі таңда оқиға орнында полиция және Төтенше жағдайлар қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.


Ақтау әкімі қаладағы тұрғын үй маңдайшасының құлауына байланысты жағдайды түсіндірді

ERNUR.KZ. Тұрғын үй маңдайшасы жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде құлаған, деп жазады ҚазАқпарат.

«Тұрғын үй инспекциясының мәліметінше, 9-шағынаудандағы 4-үй кіреберісінің маңдайшасына жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде маңдайшасы құлады. Салдарынан «Татьяна» мекемесінің сервистік компаниясы «Несібе Мол» жеке кәсіпкерлігінің бір қызметкері қаза тауып, екі адам ауруханаға жеткізілді. Қаза тапқан қызметкердің жақындарына қайғырып көңіл айтамыз», - делінген мәліметте.

Қазіргі таңда оқиға орнында полиция және Төтенше жағдайлар қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Айта кетсек, Ақтауда тұрғын үйдің кіреберісіндегі маңдайша құлап, бір адам қайтыс болғанын жазған едік.