Төтенше жағдай себептері анықталып жатыр.
ERNUR.KZ. Ақтау халықаралық әуежайының ескі терминалынан өрт шықты, деп жазады ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комиетіне сілтеме жасап.
«23 қаңтар күні сағат 02:14-те Ақтау қаласы ТЖД «101» пультіне Ақтау халықаралық әуежайының жұмысы тоқтатылған ескі терминалындағы өрт туралы хабар келіп түсті. Қоймалық ғимараттың төбесінен шыққан өрт 380 шаршы метр аумақты шарпыған. Сағат 03:27-де толық сөндірілді», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ. Оны сөндіруге Маңғыстау облыстық ТЖД 8 техникасы мен жеке құрамнан 35 адам жіберілді. Төтенше жағдай себептері анықталып жатыр.