Мұндай көрсеткіш халық табысының төмендеуіне байланысты болуы мүмкін.
ERNUR.KZ. Ақтау дүкендерінде ұрлық саны көбейді, деп хабарлайды Atameken Business.
Бұрын шоплифтинг тізімінде бірінші орынды қымбат алкоголь өнімдері немесе қалтаға сиятын ұсақ өнімдер алатын болса, пандемия басталғалы азық-түлік қолды бола бастаған. Супермаркеттер желілерінің бірінде ғана 3 млн теңгеден астам соманың тауары жоғалған. Сарапшылардың пікірінше, мұндай көрсеткіш халық табысының төмендеуіне байланысты болуы мүмкін.