Ақтауда 47 жастағы еркек алаңдағы балаларға қырындаған

0
1 083

Полиция оған қатысты екі әкімшілік іс қозғады.


Ақтауда 47 жастағы еркек алаңдағы балаларға қырындаған

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде Ақтау тұрғындары 28а шағын аудандағы балалар алаңдарының бірінде кішкентай қыздар мен ұлдарға қырындаған ер адамды ұстағанын жариялаған. Полиция департаменті оған екі әкімшілік бап бойынша хаттама ресімдеген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ақтау тұрғындары әлеуметтік желіде алаңда кішкентай балаларды қорлап жүрген ер адамды ұстап алғаны туралы хабарлады.

«Еркек қызға қолын тигізіп, сүйген жерінен ұсталған. Бұрын ол балаларға шоколад сатып алып, балаларды жертөлеге шақырғаны белгілі болды. Кеше тұрғындар алдымен учаскелік полиция бөліміне, содан кейін ІІБ-ге арыз жазған, бірақ оны кейін босатып жіберген. Бұл адам 28а шағын ауданында тұрады, барлық көрші ол туралы біледі, бірақ бәрі үнсіз. Бұл «маньяк» туралы кішкентай қыздар мен ұлдардың әңгімелері таңғалдырады», - деп хабарлады Ақтау тұрғындары әлеуметтік желіде.

Таратылған ақпаратқа Маңғыстау облысының полиция департаменті түсініктеме берді.

«2023 жылғы 25 шілдеде «102» кезекшісінің пультіне 28а шағын ауданындағы үйдің жанында ер адамдар арасында төбелес болып жатқаны туралы шақыру келіп түсті. Учаскелік инспектор шақыруға шықты. Әңгімелесу барысында 47 жастағы ер адам балаларға қырындағаны белгілі болды. Аталған азаматқа екі бап бойынша әкімшілік хаттама жасалды. 440-баптың 3-бөлігі (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу) және ҚР ӘҚБтК 449 (қоғамдық орындарда қырындау)», - деп мәлімдеді аймақ полициясы.