Ақтауда атыс болды

0
430

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды.


Ақтауда атыс болды

ERNUR.KZ. Ақтауда тұрғындарына атыс естілді, деп жазады baq.kz.

16 мамыр күні сағат 00:37 шамасында 102 кезекші пультіне 16 шағын ауданда белгісіз тұлғаларға бірнеше рет оқ атылғаны туралы шақырту келіп түсті.




Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды. Ол жерден атыс гильзалары тәркіленді. Тексеру барысында Маңғыстау облыстық ауруханасына оқ жарақатынан зардап шеккен адам қаралмағандығы анықталды. Бұл дерек ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді, - делінген ІІМ таратқан ақпаратта.