Балалар балабақшадан келе сала тамаққа таласады. Оларды құстар секілді тамақтандырған.
ERNUR.KZ. Ақтаудағы "Айналайын" балабақшасында осыдан бірнеше күн бұрын шындықты айтқан тәрбиешінің басы жарылған болатын. Осы оқиғадан кейін балалардың ата-анасы басшылықтан моральдық шығын мен олардың бұрын төлеген ақысын қайтарып беруді талап етуде деп жазады "Лада" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Балалары "Айналайын" балабақшасына баратын тұрғындар мекеме алдына 16 ақпан күні жиналған.
Олардың сөзінше, балалардың кейбірі балабақшадағы жағдайды өз көзімен көрген. Осыдан кейін кішкентай балалар ұйықтай алмай, түнімен шошып шыққан.
Сондай-ақ ата-аналар балаларының 10 күн бойы балабақшада нашар тамақтанғанын алға тартты.
"Балалар балабақшадан келе сала тамаққа таласады. Бұл қалай? Оларды құстар секілді тамақтандырған. Бұл дұрыс емес. Балаларды бақылау керек. Біз балабақшада бейнебақылау мен оларды таңдауға болатын аппараттың орналастырылғанын қалаймыз. Ең кемінде біздің алдымызда кешірім сұраса қайтеді?", - дейді аналардың бірі Мәдиан Бесембаева.
Тіпті кей ата-ана басы жарылған тәрбиешіні жақтап шыққан. Олар видеода басы қанға боялған тәрбиешінің арқасында бар шындықты білгенін жеткізуде.
"Біздің балаларымыз бәрін көрді. Оқиға көз алдарында өтті. Мен моральдық шығынмен қатар сегіз айға төленген ақыны қайтаруын талап етемін", - деді Әлия Жаналиева.
Естеріңізге сала кетейік, 15 ақпан күні желіде басы қанға боялған тәрбиелеушінің видеосы тарап кеткен болатын.