Видео кадрларынан бірнеше ер адам жерде жатқандарды күрекпен ұрғанын көруге болады.
иллюстрациялық фото
ERNUR.KZ. Ақтауда жол бойында жаппай төбелескендердің видеосы тарады, деп жазады Tengrinews.kz.
Видео кадрларынан бірнеше ер адам жерде жатқандарды күрекпен ұрғанын көруге болады. Оқиға автокөліктердің маңында болған.
Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, 2021 жылдың 4 қазанында шамамен сағат 16.30-да Ақтау қалалық Полиция басқармасының кезекші пультіне 6-ықшамаудандағы 37-үй маңында жаппай төбелес болғаны туралы хабар келіп түскен.
"Оқиға орнына жедел тергеу тобы аттанды. Төбелескендер ұсталып, Ақтау Полиция басқармасына жеткізілді. Жанжал ішімдік ішкеннен кейін тұрмыстық сипатта болғаны анықталды", - деді полициядағылар.
Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша тіркелгені хабарланды. Тергеу жүріп жатыр.