Ақтауда құрбандыққа алынған бұқа иесінен қашып, полицияға ұсталды (видео)

0
1 380

Куәгерлердің сөзінше, бұқа 4а ықшамаудандағы теңіз жағалауында суға түсіп, содан 15 ықшамауданға дейін жүзіп барған.


Ақтауда құрбандыққа алынған бұқа иесінен қашып, полицияға ұсталды (видео)

ERNUR.KZ. Ақтау қаласында Құрбан айттың алғашқы күні полиция қызметкерлері мал базардан қашып кеткен бұқаны ұстап, иесіне табыстады, деп жазады kaz.nur.kz.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, оқиға 31 шілдеде болған. Бұқаның иесі оны мал базардан сатып алған. Көлікке тиеп жатқан сәтте жануар қашып кеткен көрінеді.

Әлеуметтік желіде бұл сәтті бейнелейтін видеолар кеңінен таралды. Ал куәгерлердің сөзінше, бұқа 4А ықшамаудандағы теңіз жағалауында суға түсіп, содан 15 ықшамауданға дейін жүзіп барған.

"Бұқаны 15 ықшамаудандағы жағалауда инспекторлар ұстап, иесіне тапсырды", – делінген ведомство хабарламасында.