Ақтауда пәтерінде жарылыс болған әскери қызметкерге қатысты іс қозғалды

0
507

Дәрігерлер ауыр жарақат алған ер адамның қолын кесуге мәжбүр болған еді.


Ақтауда пәтерінде жарылыс болған әскери қызметкерге қатысты іс қозғалды

ERNUR.KZ. Ақтауда пәтерінде жарылыс болған әскери қызметкерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Lada.kz жазуынша, қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық кодексінің 462-бабының 1-бөлігі (Айналадағы адамдарға қауіп төндіретін қарумен, қауіпті заттармен және бұйымдармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу) бойынша жүргізілуде. Бұл туралы Ақтау гарнизонының әскери прокуратурасынан хабарлаған.

Ведомствода 3 желтоқсанда 27-шағынаудандағы №46 тұрғын үйде болған жарылыс фактісі бойынша Ақтау облыстық гарнизонының әскери полициясы Қылмыстық кодекстің 462-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

«Қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу шаралары жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер таратуға жатпайды», - деп атап өтті Ақтау гарнизоны әскери прокуратурасы.

Еске сала кетейік, қаладағы 27-шағынаудандағы No46 үйде жарылыс болып, оқиға орнына бірнеше патрульдік көлік пен өрт сөндірушілер келді. Дәрігерлер жарылыс салдарынан ауыр жарақат алған әскери қызметкердің қолын кесуге мәжбүр болды.