Ақтауда бетон күнқағар құлаған кезде бір ер адам қайтыс болып, екеуі зардап шеккенін жазған болатынбыз.
ERNUR.KZ. Ақтау әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы өкілі тұрғын үйдің кіреберісінің төбесі құлаған оқиға туралы тың деректер айтты, деп жазады inbusiness.kz.
Ақтау қаласының 9 шағынауданы, №4 үй тұрғынының айтуынша, үш адам кіреберіс бетон қалқанын бөлшектеп жатқанда, қауіп төнгенін айтты. Бұл ақпаратты қалалық тұрғын үй инспекциясы да растады. Төтенше жағдай куәгері бетон құлаған кезде үш адам да күнқағардың үстінде болғанын көрген.
"Олар кіреберіс бетонды бөлшектеумен айналысты. Қираған кезде үшеуі де үстінде тұрды. Ер адамның бірі қабырғаға қысылып жығылған кезде, біз оны бетон қоқыстарының астынан шығаруға тырыстық. Екінші жәбірленушінің екі аяғынан ашық сынды. Жедел жәрдемді ұзақ уақыт шақыра алмадық, келіп болмады. Ер адам ауыр тыныстап жатты. Денесінен ашық жарақат көрген жоқпын. Ішкі құрылысы езілген болуы мүмкін. Жедел жәрдем келгенде, бір адам сол жерде қайтыс болды, екіншісі ауруханаға жеткізілді. Үшінші адам алыстау ұшып кетті", - дейді куәгер.
Қалалық тұрғын үй инспекциясының мәліметінше, кіреберісті бөлшектеуді жұмысшылар жоспарлы жұмыстарға сәйкес жүргізген.
"Өкінішке орай, бір адам қайтыс болды, екіншісі аяғынан жарақат алып ауруханаға жеткізілді. Екеуі де "Несібе мол" сервистік компаниясының қызметкерлері. Болған оқиғаның мән-жайы анықталуда. Жергілікті жерде ТЖ анықтаушылары мен қызметкерлері жұмыс істеуде. Біз марқұмның отбасына көңіл айтамыз", - деп хабарлады қалалық инспекция өкілдері.
Естеріңізге сала кетейік, Ақтауда бетон күнқағар құлаған кезде бір ер адам қайтыс болып, екеуі зардап шеккенін жазған болатынбыз.