​Ақтауда пышақ ұстаған адам жұртты дүрліктірді

0
1 147

Абырой болғанда, ішімдікке "қызып" алған адамның қолынан ешкім зардап шеккен жоқ.


​Ақтауда пышақ ұстаған адам жұртты дүрліктірді

ERNUR.KZ. Ақтауда полицейлер көшеде пышақпен жүрген ер адамды ұстады, деп жазады Zakon.kz .

16 сәуір күні қолында бәкісі бар ішімдікке мас ер адам 5 шағын аудан көшелерінде қыдырған. Құдай сақтағанда, ішімдікке "қызып" алған адамның қолынан ешкім жапа шеккен жоқ.

Сағат 18:50 полицияға әйел адам қоңырау шалып, қолында пышағы бар ер адамның қауіп төндіріп жүргенін хабарлаған. Аталған орынға дереу "Сұңқар-2" экипажы жөнелтіледі.

- Ер адам 4 шағын ауданда орналасқан 37 және 38 үйлердің аралығында қолға түскен. Ұсталған тұлға учаскелік пунктке жеткізілген. Оған қатысты ӘҚБк 440-бабының 1 (Ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйде жүру) бөліміне сәйкес хаттама толтырылды, - деп хабарлады Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.