Видеоға түсірген куәгерлердің айтуынша, құқық қорғау органдарының өкілдері жолды жауып тастаған.
иллюстрациялық фото
ERNUR.KZ. Әскери ұшақ "Ақтау – Жаңаөзен" тас жолына қонды, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға орнында түсірілген видеоны куәгерлері желіде жариялаған. Олардың айтуынша, "Ақтау – Жаңаөзен" тас жолын полиция қызметкерлері жауып тастаған.
"Олар жолды жауып тастаған соң, ұшақ тас жолға қонды. Біздің айналма жолмен жүруімізге тура келді", – дейді кадр сыртындағы дауыс.
Ал басылым редакция бұл факті бойынша тиісті мекемелерден ресми түсініктеме күтіп отырғандығын атап өткен.