Ақтауда туыстары ер адамның ауруханада өзіне қол салмақ болғанын жоққа шығарды: Олар дәрігерлердің жұмысына шағымданды

0
430

Науқастың жақындары оның үш күн бұрын жұмыстан ерте келіп, басы ауырғанын айтқан дейді. Оның үстіне туыстарының атын атай алмағандықтан, жедел жәрдем шақырыпты.


Ақтауда туыстары ер адамның ауруханада өзіне қол салмақ болғанын жоққа шығарды: Олар дәрігерлердің жұмысына шағымданды

ERNUR.KZ. Ақтауда облыстық ауруханада орын алған төтенше жағдай жалғасын тапты. Туыстары ер адамның өзіне қол салмақ болғанын жоққа шығарды. Сонымен қатар дәрігерлерге де наразылықтарын жеткізді, деп жазады Stan.kz.




Науқастың жақындары оның үш күн бұрын жұмыстан ерте келіп, басы ауырғанын айтқан дейді. Оның үстіне туыстарының атын атай алмағандықтан, жедел жәрдем шақырыпты.

Ал 24 қазанда ер адамның жағдайын білуге қызы келген, бірақ оны кіргізбей қойыпты. Қызының сөзінше, әкесі мұны білген соң ашуға булыққан. Анықталғандай дәрігерлерге ер адамға микроинсульт деген диагноз қойған.

"Миының сол бөлігі жұмыс істемегендіктен, не істегенін өзі білмейді. Дәрігерлер бірінші күні-ақ мұндай науқастың керек емесін айтып, алып кетіңдер деген. Инсульт алған адамды қайда апарамын. Неге дәрігерлер ашуланып, міндетсінеді. Анама әкемнің жанында болуға рұқсат бермей, ерте шығарып жіберген. Жанында ешкім болмаған соң, терезені есік екен деп кетіп қалғысы келген", – дейді бойжеткен.

Науқастың туыстары палатада неге бірде-бір қызметкердің болмағанына таңданады.

"Бұл істі жылы жабу үшін бізді кінәлап отыр. Желіде тараған видео жағдайды ушықтырып жіберді. Түнде дұрыс ұйықтай алмаймыз. Жалған ақпарат таратпауды сұраймыз. Біз – үлгілі отбасымыз, тағылған айыптар өтірік", – деп қосты ол.

Бөлісу