Алдын ала ақпарат бойынша, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Фото: depositphotos.com
ERNUR.KZ. Түркияның Анталия қаласындағы әуежайына қонған ұшақ отқа оранды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Өртке оранған ұшақ ресейлік «Азимут» әуе компаниясына тиесілі.
«Анталия әуежайына қонған ресейлік «Азимут» авиакомпаниясына тиесілі Sukhoi Superjet 100 типті жолаушылар ұшағының қозғалтқышы өртенді», - деп жазды портал.
Оқиғаға байланысты әуежайдың ұшу-қону жолағы уақытша жабылды. Алдын ала ақпарат бойынша, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, ал өрттің себебі анықталуда.