Ақтауда туысымен бірге суға кеткен баланың мәйіті 6 күн өткенде табылды

0
1 011

Іздеу жұмыстарына қатысқан еріктілер баланың мәйітін Шора каналынан 50 метр қашықтықтан тапқан.


Ақтауда туысымен бірге суға кеткен баланың мәйіті 6 күн өткенде табылды

ERNUR.KZ. 5 шілде күні суға кеткен ағайындылардың екіншісі 10 жасар баланың мәйіті табылды, деп жазады «Хабар 24».

Төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметінің xабарлауынша, іздеу жұмыстарына қатысқан еріктілер баланың мәйітін Шора каналынан 50 метр қашықтықта бүгін кешкі сағат 19:20 шамасында тапқан. 2009 жылы туған Әбуғали Еркебұланды іздеу жұмыстарына Төтенше жағдай департаментінен 13 құтқарушы, 3 іздеу құралдары мен 2 техника, 9 ерікті жұмылдырылған.

Еске сала кетейік, 5 шілде күні Ақтау қаласынан 25 шақырым қашықтықта орналасқан «Шорай» каналына екі ағайынды жігіт кетіп, қайта оралмағанын. Олардың бірі 25 жастағы Серік Толбайдың денесі табылған.